1. Сынау құралдары және қосалқы құрылғылар: “Ксенотест” аппараты, секундомер, қара қағаз, сұр шкаланың эталоны.
2. Сынақтарды дайындау, жүргізу және нәтижелерді өңдеу тәртібі.
Сынақтар профильдердің алдыңғы қабырғаларынан кесілген он үлгіде жүргізіледі [(50х80)±2] мм. бес үлгі (бақылау) қара қағазға оралып, ауада сақталады. Бес үлгі Ксенотест аппаратына салынып, келесі цикл бойынша сыналады:
– ылғалдандыру (18±0,5) мин;
– құрғақ сәулелену (102±1) мин (толқын ұзындығы 240-тан 400 нм-ге дейін).
Ғимараттың сыртында пайдалану жағдайында жұмыс істейтін профильдің беті сәулеленуге ұшырайды. Үлгіні аппаратта сәулеленудің жиынтық дозасы кемінде 8 ГДж/М жеткенге дейін ұстайды . Үлгіні аппараттан шығарады, ауада кемінде 24 сағат (21±3) °С температурада ұстайды және бақылау үлгілерімен және сұр шкаламен көзбен салыстырады.
Егер барлық үлгілер сынақтан өткен болса, сынақ нәтижесі қанағаттанарлық деп танылады.